Жаңалық Редакция таңдауы

Түрік тілін оқыту орталығы ашылды

Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті – 86 жылдық тарихы бар іргелі оқу орны. Қазіргі таңда, оқу ордасы Гази және Анкара университеттерінің стратегиялық серіктесі.

Бүгін тамыры мен түбі бір екі ел арасында орнаған байланысты дамыту мақсатында оқу орны базасында түрік тілі орталығы ашылды. Орталық TİKA ұйымының қолдауымен заманауи үлгіде жабдықталған. Сонымен қатар аталған орталық оқу ордамызда ашылатын Гази университетінің филиалында білім алатын жастарға үлкен мүмкіндік береді.

Салтанатты ашылу рәсіміне Түркі әлемінің нағыз жанашырлары – Түркия Республикасы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің Қазақстан координаторы Хусейн Хикмет Өзденоулу, Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ Өкілетті Кеңес төрағасы, профессор Мухиттин Шимшек, Түркия Республикасының Шымкент қаласындағы Құрметті Консулдығының Консулы Латипша Асанов сынды құрметті қонақтар мен университет ректоры Гүлжан Сүгірбаева бастаған ұжым мүшелері қатысты.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button