Түрік тілінің әліпбиі
Шет ел тілдерін үйрену айдарында осы апта Түрік тілін үйренетін боламыз.
Бүгін біз сіздермен бірге түрік тілінің әліпбиімен танысамыз.
Түрік тілінде барлығы 29 әріп (әр әріпке бір дыбыстан) бар. Олардың сегізі — дауысты (ünlü), қалған жиырма бірі — дауыссыз (ünsüz) дыбыстар.
Türkçe | Оқылуы | Қазақша баламасы |
A a | a | А |
B b | бe | Б |
C c | жe | Дж, Ж (жуан) |
Ç ç | че | Ч |
D d | дe | Д |
E e | e | Ә, Е, Э |
F f | фe | Ф |
G g | гe | Г |
Ğ ğ* | yumuşak гe | Ғ (оқылмайды), жұмсақ Г |
H h | хe | Х |
I ı | ы | Ы |
İ i | и | И |
J j | жe | Ж |
K k | кe | К |
L l | лe | Л |
M m | мe | М |
N n | нe | Н |
O o | o | О |
Ö ö | ө | Ө |
P p | пe | П |
R s | рe | Р |
S s | сe | С |
Ş ş | шe | Ш |
T t | тe | Т |
Uu | у | У |
Ü ü | ү | Ү |
V v | вe | В |
Y y | йe | Й |
Z z | зe | З |
* Жоғарыда Ğ ğ әрпінің белгілену себебі, ол басқа әріптерге қарағанда біраз өзгешелеу. Ğ ğ әрпі кездесетін сөздерде ол Ғ ретінде оқылмайды. Кей сөздерде жұмсақ Г ретінде оқылады, ал енді бір сөздерде өзінің алдында тұрған дауысты дыбысты ұзартады. Мысалы: dağ [дааг] –тау, ağaç [аач] –ағаш, тал. Бұл ерекше әріппен басталатын ешқандай сөз жоқ. Түрік тілінде Ь (жіңішкелік белгісі) жоқ. Дегенмен, көптеген сөздердің айтылуында жіңішкелік белгісінің орынын байқаймыз. Ондай мысалдардың оқылуын және оқылуы аздап өзге болып келетін мысалдардың оқылуын тік жақшаның ішіне алып жаздым.
Дауыстылардың екі түрі бар: жуан және жіңішке Kalın Sesliler: a, ı, o, u İnce Sesliler : e, i, ö, ü
Түрік тіліндегі сөздер қалай жазылса, солай оқылады;
Үстінде қалпағы бар «а» әрпі (â) кездессе, ол жұмсақ болып оқылады. Қазіргі кезде көп қолданылмайды.