Турист күнделігі. Өскемен
Өскемен қаласы - Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығы.
Негізі 1720 жылы І Петр патшалық құрып тұрғанда қамал-бекініс ретінде қаланды. Көлемі 54,4 мың гектар жерді алып жатыр. Ол бүгінде еліміздің ең ірі индустриялды-аграрлық аймағы болып саналады.
Қалаға қалай жетуге болады?
Өскеменге бірнеше қаладан тікелей рейспен ұшып келуге болады. Назарларыңызға желтоқсан айына арналған авиабилет құнын ұсынамыз:
Алматы – Өскемен (24 000 – 27 000 теңге). Ұшу ұзақтығы – 1 сағат 20 минут.
Нұр-Сұлтан – Өскемен (30 000 – 38 000). Ұшу ұзақтығы – 1 сағат 15 минут.
Түркістан – Өскемен (25 000 – 28 000 теңге). Ұшу ұзақтығы – 1 сағат 40 минут.
Қайда тұрақтауға болады?
City қонақ үйі Ворошилов көшесінде орналасқан. Нөмір бағасы 8 500 теңгеден жоғары. Қонақтарға тегін Wi-Fi ұсынады.
Ust-Kamenogorsk отелінде 1 күн тұрақтау бағасы 14 000 теңгеден басталады. Қала орталығынан 1,1 км қашықтықта орналасқан. Тегін таңғы ас беріледі.
Dedeman Oskemen Tavros отелі Ертіс өзенінің бойында орналасқан. Нөмір бағасы 1 адамға 28 800 теңгеден басталады. Оның барлық нөмірі жалпақ экранды теледидармен жабдықталған.
Қаланың көрікті жерлері:
- Ертіс жағалауы
- Жастар саябағы
- Этноауыл
- Шығыс Қазақстан облысының этнографиялық мұражай-қорығы
- Тау шаңғысы курорттары
Диана Асан