Жаңалық Мақала Редакция таңдауы

Турист күнделігі. Қостанай

Қостанай – еліміздің солтүстігінде орналасқан өте тыныш және жайлы қала. Өйткені мұнда 221 мыңдай ғана адам тұрады.

Қала машина жасау, тамақ және тоқыма өнеркәсібімен танымал. Десе де туристерді қызықтыра алатын көрікті жерлері баршылық.

Қала негізі 1879 жылы Тобыл өзенінің сол жағалауында шаруалар мен көшпелілерге арналған сауда орны ретінде қаланды. Алғашында ол Николаевск деп аталды, кейін Қостанай деп өзгертілді. Қалада Ресейдің ішкі аймақтарынан келген шаруалар қоныстанды. Қысы суық, аязды әрі ұзақ, ал жазы қысқа.

Қалай жетеміз?

Ұшақпен:

Қостанай-Алматы – 27 000 теңге;

Қостанай-Нұр-Сұлтан – 12 500 теңге;

Пойызбен:

Қостанай-Алматы – 7500  теңге (плацкарт), 11 500 теңге (купе);

Қостанай-Нұр-Сұлтан – 3500 теңге (плацкарт), 6000 теңге (купе);

Көрікті жерлері:

Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында Қазақстан Республикасының кәсіби әртістері, еңбек сіңірген халық әртістері мен мәдениет қайраткерлері қызмет етеді. Театрдың репертуарында әртүрлі жанрдағы 43 спектакль бар және ол жыл сайын жаңа спектакльдермен толығып отырады.

Бестамақ қорымы Торғай ойпатының солтүстік бөлігінде, Тобылдың оң саласы Обаған өзенінің бастауында орналасқан. Бестамақ қорымы энеолит дәуірінен сақталған.

Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының шығармашылық ұжымы бірнеше жылдар бойы Қостанай облысының ғана емес, Қазақстан Республикасының, шетел тұрғындарының музыкалық талғамын қанағаттандыруға мақсатты түрде ұмтылуда.

Су мұнарасы. Бұл құрылыс 1913 жылы қала Жайықпен темір жол арқылы қосылған кезде бой көтерген. Бұл – күмбезбен көмкерілген екі деңгейлі сегіз қырлы мұнара. Оның ішкі диаметрі – 6,5 метр.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button