Туристер ұсынатын пайдалы лайфхактар
Алда ұзақ уақыт демалысқа негізделген жаз айлары келе жатыр. Демалыстарыңызды қолайсыз жағдайларға тап болмай, есте қаларлықтай етіп өткізу үшін ескеру керек жайттар мен қарапайым ғана ережелер бар.
Осыларды ескере отырып, арнайы сіздер үшін Ruh.kz тәжірибелі туристер үнемі бөлісетін 7 лайфхакты ұсынады:
1. Жүкпен селфи. Көптеген туристер үшін олардың жүгі үлкен мәселе болуы мүмкін. Дәлірек айтқанда, келген кезде багажды іздеп қалуыңыз мүмкін. Тәжірибелі туристер қарапайым және тиімді шешім ұсынады, ол жүкті тіркеуден бұрын оны суретке түсіріңіз. Чемодандарыңыздың суреті болса, оларды табу да оңайырақ болады.
2. Заттарды чемоданға орап салу. Сіздің чемоданыңыздағы заттар оралған жағдайда әлдеқайда көбірек қажетті дүниелеріңізді сыйғыза аласыз. Сонымен қатар, солай жинаған кезде киімдер де қатты мыжылмайды.
3. Ақшаңызды үнемдегіңіз келе ме? Онда аэропортқа жақын жердегі экскурсиялар өткізілетін, адам көп жиналған туристік аймақта орналасқан мейрамханаларға бармаңыз. Туристтер көп жерлерден бірнеше аудан алыс кетсеңіз дәл сол керектеріңізді таба аласыздар, бірақ әлдеқайда арзанырақ бағада.
4. Түстен кейінгі экскурсиялар. Көптеген тәжірибелі туристер адамдар көп жиналатын жерлер мен көрікті жерлерге бару үшін ең қолайлы уақыт деп күннің екінші жартысын санайды. Әдетте, түстен кейін туристер саны азаяды, демек кезек күтуде көпке созылмайды деген сөз.
5. Әуежайда кезекте кімнен кейін тұрғаныңызды бақылаңыз. Әуежайлардағы бақылау кезегінің ұзақтығы көптеген саяхаттаушыларды ашуландырады, сондай кезде кейде түсініспеушіліктер туындайды. Тексеруге кедергі келтірмес үшін, артық мәселе болмас үшін сіздің алдыңызда кім тұрғанын нақтылап алыңыз. Көбіне бизнес класстағы жолаушылардан кейін кезек алуға тырысыңыз, себебі ол жақтағы кезек әдетте жылдамырақ. Ешқашан көп балалы отбасылардан кейін кезекке тұрмаңыз, қандай да бір түсініксіз себептермен олар бақылауда ұзақ тұруы мүмкін.
6. «No, thank you». Бұл сөз тіркесі сізді көп жағдайдан құтқарады. Көбінесе сізге қажет емес қызметтерден тез бас тарта білу керек. Бұл әсіресе Түркия немесе Египет елдеріне баратын болсаңыз, онда сізге сатушылар міндетті түрде бірдеңе сатуға тырысады. «Жоқ, рақмет» деу арқылы сіз ақшаңыз бен жүйкеңізді үнемдейсіз.
7. Жұмыс күндері туристік орындарды аралау арзанырақ. Мүмкін болса, көрікті жерлерге баруды жұмыс күндеріне жоспарлаңыз. Себебі, демалыс немесе мереке күндеріне қарағанда әлдеқайда арзан болады.