Туризм: 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы аралық көрсеткіш қандай?
550 мың адам Щучинск-Бурабай курорт аймағына барды, бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп.
Жазғы маусым аясында 240 мыңға жуық адам «Шымбұлаққа» барды, бұл былтырғы жазғы маусымға қарағанда 90 мыңға артық. (Нақты көрсеткіштер маусым аяқталғаннан кейін жарияланады.)
Биыл ұлттық парктерге 2 млн-ға жуық адам барады деген болжам бар.
2022 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша:
Орналасу нысандарына жайғасқан ішкі туристер саны 21,5% артып, 1,13 млн адамды құрады;
Орналасу нысандары 26,3 млрд теңге көлемінде қызмет көрсетті, бұл 2021 жылғы 1 тоқсанмен салыстырғанда 25,7% – ға артық;
Апта сайын Қазақстанға кемінде 11 мың шетелдік турист келеді;
Дүниежүзілік экономикалық форумның мәліметі бойынша туризмнің жаһандық рейтингінде Қазақстан 2021 жылы өз позициясын жақсартып, 117 елдің арасында 66 – орынды иеленді (2019 жылы-140 елдің ішінде 80-орын). Еліміз «Баға бойынша бәсекеге қабілеттілік» ( 1-орын), «Туризмнің маусымдылығы» (26-орын), «Табиғи ресурстар» (33-орын), «ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұра объектілерінің саны» (42-орын) көрсеткіштері бойынша жоғары баға алды.
2021 жылы Қазақстанда ішкі туристер саны рекордтық деңгейге жетті: тіркелген адамдар саны шамамен 7 млн.