Түркі мемлекеттерінің стандарттары мен терминологиясы бір жүйеге келтіріледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМҰ Х саммитінде Түркі мемлекеттерінің қатар дамуы үшін, оның стандарттары және терминологиясын жүйелеу керек екенін айтты, деп хабарлайды Ruh.kz.
Фото: Ақорда
Модельдік заң жобасын қысқа мерзім ішінде қарап, оны мақұлдауға шақырамын. Бұл бастама тауарларымызды ортақ нарыққа еркін шығаруға жол ашады. Ал бірыңғай стандарттар ішкі жалпы өнімді жыл сайын шамамен 1 пайызға арттыруға мүмкіндік береді, – деді Тоқаев.
Оның айтуынша, қазір Түркі мемлекеттерінің ішкі жалпы өнімі 1,4 триллион долларға жуықтап, ұйым мүшелері арасындағы тауар айналымы 22 миллиард доллардан асты. Сондай-ақ ортақ талаптар бекітілсе, бұл көрсеткішті 1,5 есе ұлғайтуға болатындығын атап өтті.
Бұдан бөлек, Түркі мемлекеттері ұйымының Референттік орталығын құрған жөн деп санаймын. Бұл орталық өнімді сынау нәтижелерін өзара тануға, сондай-ақ химия және тамақ өнеркәсібі салаларында жаңа зерттеулерді жүргізуге мүмкіндік береді, – деді ол.