Жаңалық
Түркістанда халықаралық әуежай ашылды
![](/storage/storage/element/2021/11/25/mainphoto/XO9OGNVZPGY1diaJoGqjzp9IEiMvC4XjUQMYGrsM.jpg?time=1701567533)
Халықаралық әуежайдың құрылысы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жүзеге асқан.
Қаладан 20 км қашықтықта орналасқан әуежай халықаралық стандарттарға сай заманауи технологияларды қолдана отырып салынған.
Әуе айлағын салу үшін 102 бірлік арнайы техника мен 300-ден астам құрылысшы жұмылдырылды. Халықаралық әуежайдың жалпы ауданы 905 га құрайды. Әуежайдың қызмет көрсету әлеуеті жылына шамамен үш миллион жолаушыны құрайды.