Жаңалық

Түркістанда туризмді дамыту бағытында кадрларды даярлау шаралары басталды

Халықаралық Туризм және меймандостық университеті мен Түркістан облысы полиция департаменті қол қойған ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру мақсатында білім ордасында кадрларды даярлау курстары басталды деп хабарлайды Ruh.kz порталы ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Енді Түркістан облысының тәртіп сақшылары жыл соңына дейін туризм саласындағы ағылшын тілінің базалық курсын меңгеріп, қала тарихымен тереңірек танысып, халықаралық этикет және туристік қызметтің құқықтық негіздерімен танысады.

Жоба қорытындысы бойынша полицейлер туристермен қарым-қатынас орнату мәселесінде теориялық білім мен практикалық дағдыға ие болады. Тәртіп сақшылары өздерін гид ретінде сезініп, туристерді тарихи және көрікті жердің тарихымен таныстыруды үйренеді. Сонымен қатар курсқа қатысушылар орталық және жергілікті атқарушы органдардағы әріптестерімен дұрыс қарым-қатынас орнатуды да үйренеді.

Бұл жоба туристердің жайлылығын қамтамасыз ету, облыс пен қаланың тартымды имиджін қалыптастыру, өңірдің және жалпы елдің маңызды туристік әлеуетін дамыту үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлерін даярлау мақсатында іске асырылып жатыр.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button