Жаңалық Редакция таңдауы

Түркістанда түркі әлемі математиктерінің дүниежүзілік конгресі басталды

Түркістан қаласындағы Ахмет Ясауи университетінде Түркі әлемі математиктерінің VII Дүниежүзілік Конгресі (TWMS Congress-2023) өтіп жатыр, деп хабарлайды Ruh.kz.

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Іс-шараға әлемнің 20 мемлекетінен 500-ден астам математик ғалымдар қатысып жатыр.

Конгрестің негізгі мақсаты – ғалымдардың халықаралық байланыстары мен ғылыми ынтымақтастығын кеңейту, математика ғылымының дамуына және математиканың, ақпараттық технологиялардың жетістіктерін ғылыми зерттеулерде, техника мен білім беруде қолдануға үлес қосу.

Дүниежүзілік конгрес ҚР Ұлттық инженерлік академиясының президенті, Түркі әлемі математикалық қоғамының президенті академик Бақытжан Жұмағұлов төрағалығымен өтіп жатыр.
Дүниежүзілік конгрестің салтанатты ашылу рәсіміне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы құттықтау хатын жолдап, ғылыми форум жұмысына сәттілік тіледі.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button