Жаңалық

Түркістандық жас шахматшы әлем чемпионатында күміс медаль еншіледі

Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Сербияда өткен мектеп оқушылары арасындағы әлем чемпионатында түркістандық жас шахматшы Нұрислам Сұлтанхан ерекше жетістікке қол жеткізіп, күміс медаль жеңіп алды. Бұл – оның халықаралық аренадағы алғашқы үлкен жеңісі, деп хабарлайды Ruh.kz.

Дүбірлі додаңа әлемнің 44 елінен 470 шахматшы қатысқан. Түркістандық жас шахматшы Нұрислам  өз шеберлігін көрсетіп, таланты мен еңбекқорлығының нәтижесінде 7 ұпай жинап, екінші орынды иеленді. 

Шахматшы мен бапкерін Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев пен жаттықтырушылар, спорт жанашырлары мен туыстары күтіп алды. 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button