Түркістанға қандай маман керек?
Түркістан облысында биыл «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 24 925 жаңа жұмыс орнын құрып, 12 462 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған.
Бүгінге дейін 12 111 жаңа жұмыс орны ашылып, 10 739 азамат уақытша жұмыс орындарына жолданды.
Аталған бағдарлама шеңберінде өңірде 473 жобаны жүзеге асыру жұмыстары басталып, оның 261-нің құрылыс-жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Орындалған жобалардың басым бөлігіне әлеуметтік және мәдениет саласындағы нысандар жатады.
Мәселен, Келес ауданында 25 жыл жөнделмеген жалғыз аурухана жөнделіп, бүгінгі таңда 143 мың ауданның тұрғындарына сапалы медициналық қызмет алуға мүмкіндік туды. Сондай-ақ, 15 әлеуметтік нысандар жөндеуден өтіп, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімді орындардың саны артты. Одан бөлек, 167 мектептің жөндеу жұмыстары аяқталып, 60 167 оқушының қауіпсіз жағдайда білім алуына мүмкіндік туды. Сонымен қатар, 270,4 мың тұрғынды ауыз су, көгілдір отын, жылу жүйесі және электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп, тұрғын үйлердің жай-күйі жақсарды. Инженерлік-көлік инфрақұрылым саласы бойынша 44 жоба іске асырылып, ауыл тұрғындарының кедергісіз жүріп-тұруына жағдай жасалды. Ал, елдімекендерді абаттандыру бойынша 25 жоба жүзеге асты.
Айта кетейік, өңірде іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобаларға өзгеріс енгізуге қажеттілік туындауына байланысты «Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комисияның хаттамалық шешімдеріне сәйкес «Жол картасына» өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде 12,1 млрд. теңгеге Түркістан қаласындағы 1- Президент паркінің құрылысы және 1,5 млрд. теңгеге «Қазақ хандарының мемориалдық кешені» жобасы қолға алынған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі