Жаңалық Редакция таңдауы

ТЖД Алматыда қатты аяз болады деп ескертті

Алматы тұрғындарына 13-14 желтоқсан аралығында қала аумағында 23-27 градусқа дейін қатты аяз болатыны жөнінде Төтенше жағдайлар қызметінен хабарлама келді, деп хабарлайды Ruh.kz.

Фото: Zakon.kz

11 желтоқсан күні "Қазгидромет" РМК синоптиктері қала бойынша алдағы үш күнге арналған күн райы болжамын ұсынған еді.

  • 12 желтоқсанда қар, түнде кей кездерде қалың қар, тұман. Желдің екпіні секундына 2-7 метр. Ауа температурасы 12-13 градус аяз, одан ары төмендейді.
  • 13 желтоқсанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде  – 23-25 ​​градус қатты аяз , күндіз 18-20 градус аяз болады.
  • 14 желтоқсан көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 27 градусқа дейін төмендейді, күндіз 15-17 градус аяз болады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button