Жаңалық

«Уақыттың шынайы сабақтастығы» көрмесі ашылмақ

2021 жылғы 10 қыркүйек күні сағат 16:00-де ҚР Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қазақстан Суретшілер одағаның мүшесі Дария Калимова-Қастееваның «Уақыттың шынайы сабақтастығы» атты жеке көрмесінің ашылуы өтпек.

Іс-шара суретші Дария Калимова-Қастееваның шығармашылық жұмыстарының тұсаукесерін өткізуді мақсат етеді.

Көрмеге Дарья Калимова-Қастееваның әкесі, атақты қазақстандық суретші – Мұхит Калимовтың жұмыстары қойылады. Мұхит Калимов – ХХ ғасырдағы қазақстандық өнер классиктерінің көрнекті өкілі. Үздік академиялық білім суретшіге әр түрлі пейзаждық, портреттік және жанрлық туындылар жасай отырып, өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік берген. Ол – портреттің сөзсіз шебері. Қазақтың атақты тұлғаларының портреттерін бейнелейтін тарихи тақырыптарға үлкен мән бере білген. «Бабалар», «Абылайхан», «Сырым батыр», «Исатай-Махамбет», «Мұрат ақын», «Құрманғазы», «Қайран шешем», «Ғани Мұратбаев», «Әуезов пен Ш.Айтматов» және т.б. туындылары өнерсүйер қауымға етене таныс.

Оның портреттері ерлер, әйелдер және балалар – кейіпкерлерді зерделей отырып, белгілі бір үйлесімділік сарында диалог жүргізеді. Бұдан өзге, шебер жұмысының тағы бір ерекшелігі – інжу, сұрғылт, ашық қоңыр және құм тәрізді жұмсақ пастельді түстерді таңдауында.

Сондай-ақ, суретші 1996 жылы Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлының  портреттерін салғаны үшін Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты атанды.

Айта кетейік, Дария Калимова-Қастееваға қолданбалы суретші ретінде анасы Лиза Калимованың жұмысы үлкен әсер етті. Лиза Калимова – Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button