Жаңалық

Үкі туралы таңғажайып 10 дерек

«Туған жер» айдарының екінші апталығына да кезек келді. Бұл жолғы тақырып халқымыз ертеден қасиетті құс санаған, «Үкісіз қыз болмас» деп, әсем қауырсынын сәндікке пайдаланған – үкіге арналады.

Үкі қандай құс?

Үкі – түнде жемін аулайтын, жапалақ тәрізді және де отырықшы жыл құсы. Үкінің басы үлкен және сарғылт көздері бадырайып тұрады. Жұмыртқаны дене мөлшеріне қарай басады. Үкілер ұясын жасырын жерлерге салады. Салмағы 3 кг дейін болады. Денесінің ұзындығы – шамамен 53-73 см. Олар Еуразия құрлығында  көп кездеседі. Қазақстанның барлық аумағынан көре аласыз. Соның ішінде Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Орталық Қазақстан, Маңғыстау жері және т.б. өлкелерді ерекше атауға болады.

Үкі туралы 10  факт:

1. Үкілер иісті нашар сезеді. Оның орнына көру және есту қабілеті өте жақсы дамыған. Көру мүшесі қатты жұмыс істейтіндігі соншалық, жемін түнде аулап, жейді. Сонымен қатар үкінің көздері қозғалмайды.

2. Үкіде қуық болмайды. Себебі олар ұшуға бейімделген құстың класына кіреді;

3. Жапалақ тәрізді отрядқа жататын құстардың ішінде тек үкі ғана «Қызыл кітапқа» енгізілген;

4. Қазақтың үкіні киелі құсқа балауының бір себебі – олардың көру мүшесі өте ерекше болып келеді;

5. Үкі басын 270 градусқа дейін бұра алады;

6. Құлағының есту деңгейі адамнан 50 есе жоғары;

7. Жылан, шыбын-шіркей және т.б да шағатын, қауіпті жәндіктер үкіден қатты сескенеді. Улы жәндіктерден қорғау үшін оның қанат қауырсындарын бесікке, тақияға, кимешекке, аттың жалына, ұлттық аспаптардың ұшына тағып қояды;

8. Үкілер жәндіктермен қоса, аздаған айдың ішінде мыңдаған тышқанды жейді. Осылайша адамзатқа пайдасы зор іс атқарады. Олай дейтініміз – тышқан 1 кг астық дәнін жеп, ауыл шаруашылығына үлкен зиянын тигізеді. Кей үкілер тырнағымен балық аулайды  Алайда осылардың арасында ең сүйікті қорегі – кірпі болып табылады;

9. Үкінің көздерінде 3 кірпік ғана болады. Оның біріншісімен жыпылықтатады, екіншісімен көздерін қорғайды, үшіншісі арқылы ұйықтайды;

10. Тағы бір өзгешелігі – қанаттарының дыбысын шығармай, үнсіз ұша алады. Бұл үкілерге аңшылық  үшін өте қолайлы.

 

 

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button