Жаңалық
Редакция таңдауы
Үкімет Президент Жолдауын іске асырудың жалпыұлттық жоспарын бекітті
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың айтуынша, жоспарды 5 негізгі бағыт бойынша іске асыру экономиканы сапалы дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді.
«Барлық мемлекеттік органдар мен әкімдіктер оны орындауға шұғыл кірісуі қажет. Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары жоспардағы іс-шаралардың сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз етуі тиіс», – деді Үкімет басшысы.
Үкімет мүшелері аталмыш жоспар көрініс тапқан Президент Жарлығының жобасын мақұлдап дауыс берді.
«Ұлттық экономика министрлігіне Премьер-Министр кеңсесімен бірлесіп, Жарлық жобасын бүгін Президент Әкімшілігіне енгізуді тапсырамын»,– деді Әлихан Смайылов.