Жаңалық Редакция таңдауы

"Үкімет және әкімдер жұмыс істеу тәсілін түбегейлі өзгертуге тиіс". Тоқаев жаңа экономикалық бағдар туралы айтты

Фото: Ақорда

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа экономикалық бағдар туралы айтты, деп хабарлайды Ruh.kz.

Біз алдағы уақытта жаңа экономикалық бағдармен жүреміз десек, Үкімет және әкімдер жұмыс істеу тәсілін түбегейлі өзгертуге тиіс. Ұлттық экономиканы өркендету үшін жаңа идеялар және ұзақ мерзімге арналған жүйелі ұстаным қажет, - дейді ол.

Тоқаев отырыс барысында Үкіметтің басты міндеттерінің бірі – экономикалық қызмет субъектілерінің бәріне бірдей жағдай жасау екенін атап өтіп, экономикаға жаңа серпін беру үшін Үкіметке кәсіпкерлермен, инвесторлармен толыққанды серіктес ретінде тығыз байланыста жұмыс істеуді тапсырды.

Мемлекеттік аппарат барынша тиімді және үйлесімді жұмыс істеуі керек. Қағазбастылық, көзбояушылық дегенді доғару қажет. Осындай жағымсыз үдерістердің кесірінен жұрттың реформаға және Әділетті Қазақстанға деген сенімі азаяды. Жоғарыдан тапсырма берілгенін, азаматтардан арыз түскенін немесе жағдайдың нашарлап кеткенін күтіп отырмау керек. Бастама көтеріп, дербес жұмыс істей білу қажет, - деді Президент.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button