Жаңалық Редакция таңдауы

Ұлт мәдениетін танытатын ұлттық павильион Венеция төрінде ашылмақ

Фото: Артем Чурсинов

Бүгін ҚР Ұлттық музейінде «60-шы Венеция өнер биенналесінде Қазақстан Республикасының «Jerūiyq: көкжиектен тыс көзқарас» атты Ұлттық павильонының ашылуы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды Ruh.kz.

Конференция барысында Мәдениет және ақпарат министрлігі өкілі Күміс Сейітова Венециядағы өнер биенналесінде ашылатын ұлттық павильионды ұйымдастыру шараларымен таныстырды.

Күміс Сейітованың айтуынша, Венеция өнер биенналиесі - екі жылда бір рет ұйымдастырылатын әлемдік өнер сахнасының ең беделді халықаралық өнер көрмелерінің бірі.

Ұлттық павильон Венециядағы тарихи, мәдени ғимараттардың бірі – Италия Ұлттық музейіне қойылады. Павильонның комиссары – ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева. Кураторлары – Данагүл Төлепбай мен Әнуар Мүсірепов, - деді министірлік өкілі.

Ол өз сөзінде Мемлекет басшысының Италияға ресми сапары аясында еліміздің Венециядағы 60-ыншы Халықаралық заманауи өнер биенналесіне қатысуы туралы өтінім бергенін еске салды.

Мемлекеттің тікелей қатысуымен тұңғыш рет Қазақстанның ұлттық павильоны ұйымдастырылып отыр. Павильион атауы – «Jerūiyq», - дейді Күміс Сейітова.

Оның айтуынша келушілер көрмеде мифтік жер туралы ежелгі аңыздың заманауи интерпретициясы «Jeruiyq» көкжиектен тыс көзқарас» жобасының экспозициясымен танысуға мүмкіндік алды.

Сонымен қатар көрмеде қазақстандық өнер тарихындағы алғашқы футуристік туындылардың бірі Камил Муллашевтің «Жер және уақыт. Қазақстан», сондай-ақ Ерболат Төлепбайдың заман рухын көрсететін «Жаңа бала.Қайта туылу» монументалды кенебін тамашалауға болатынын атап өтті.

Сәкен Нарыновтың «Бір жанның алты өмірі» және «Бастаудың соңы немесе соңының басы» эксперименттік жобалары мен Сергей Масловтың «Байқоңыр-2» инсталляциясы ұсынылады, - деді ол.

Мерейтойлық өнер биенналесі 2024 жылдың 20 сәуірі мен 24 қарашасы аралығында жеті ай бойы Венециядағы «Navale» тарихи ғимаратында өтеді.

Айта кетейік, халықаралық өнер көрмесі тұңғыш рет 1895 жылы Венецияда өтіп, өнер әлеміндегі орталық оқиғалардың біріне айналды. Көрмеге әдетте әлемнің түкпір-түкпірінен өнерді бағалаушы көрермендер мен мамандар келеді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button