Жаңалық

Ұлт театрына 95 жыл

Абай даңғылында орналасқан Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры 1926 жылы 13 қаңтарда алғашқы сахналық қойылымын көпшілік назарына ұсынды. 

Театрдың шымылдығын түрген алғашқы қойылымы – Мұхтар Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пьесасы еді.

Ғасырға жуық тарихы бар М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театры үлкен белестерден өтіп, ұлттық өнердің символына айнала білді.

Алғашқы құрылған жылы театр құрамында И. Байзақов, Ә. Қашаубаев, С. Қожамқұлов, Е. Өмірзақов, Ж. Шанин, Қ Қуанышбаев, Қ. Жандарбеков, Қ. Бадыров және де Қ. Мұңайтпасов, З. Атабаева, Ш. Әлібекова, Ш. Байзақова, М. Шамова, Ж. Шанина сынды көркемөнердің хас шеберлері ойнады.

Шығармашылық әлеуеті жоғары театр ұжымының биік көркем өнер, жаңа тұрпатты мәдениет жасау, әлемдік мәдени-рухани кеңістікке еркін еніп, ұлттық өнерімізді таныту жолында қалтқысыз қызметі халық алдында лайықты бағасын алып келеді.

Өнер ордасында қазақ тарихынан сыр шертетін, халқымыздың басынан өткен күндерді айна-қатесіз көрермен көз алдына әкелер туындылармен қатар, Батыс классиктерінің пьессалары да, соғыстан кейінгі жылдары жарық көрген қазақ әдебиетінің айшықты туындылары да сан мәрте сахналанды.

Театр туған күніне орай ұйымдастырылған мәдени іс-шаралар легін @auezovtheatre Instagram парақшасынан оқи аласыздар.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button