Жаңалық
Ұлттық киімдер көрмесі ашылды
Г. Потантин атындағы Павлодар облысының тарихи-өлкетану музейі көпшілік назарына Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Халық өмірінің поэзиясы» атты ұлттық киімдер көрмесін ұсынады.
«Көрмеде өңірдегі ұлттық мәдени орталықтарының материалдық және рухани мәдениетінен сыр шертетін 200-ден астам зат қойылған. Әрбір зат Павлодар облысында тұратын халықтың тыныс-тіршілігі мен болмысын көрсетеді. Сондай-ақ қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге, достық пен келісімді нығайтуға, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеуге бағытталған», – дейді этнографиялық бөлімде.
Әртүрлі ұлт өкілдерінің ұлттық киімдері мен қолөнер бұйымдарының ішінде қазақ халқының ұлттық нақыштағы ер адамдар мен ақ жаулықты әжелердің киімдері де бар.