Жаңалық Редакция таңдауы

Ұлттық мінез-құлық дегеніміз не?

Ұлттық мінез дегеніміз не? Жалпы бұл бар нәрсе ме? Адамдардың әртүрлі болатынын біле тұра, типтік мінездерді жинақтап тұтас бір халыққа телу қаншалықты заңды?

Осы жайында айтылған «Әлем әртүрлі санаттағы адамдардан құралады» деген ағылшын мақалы тілге оралады. Ал, халық бір санаттағы адамдардан құралады десек қалай? Әлде ұлттық мінез дегеніміз көбіне ұлтқа басқа ұлттар таңатын (мұқату мақсатында болуы да мүмкін) мінез-құлықтардың стереотип жиынтығы ма?

Ұғымның күрделілігі мен оған қатысты туындаған қарама-қайшылықтар терминологиялық әркелкілікке жол беріп отыр. Бұл – барлық гуманитарлық ғылымға тән мәселе. Н.А. Ерофеевтің айтуынша, этникалық көрініс – «өзге халықтың сөзбен жасалған портреті не бейнесі».

С.М. Арутюнян «халықтың рухани өміріндегі әртүрлі құбылыстардың өзіне тән жиынтығы» саналатын ұлттың психологиялық қалпы деген терминді қолданады. Алайда ұлттық мінез термині біршама кең тараған.

https://youtu.be/MBIx9psMO5I

Төменде Н.А.Ерофеев келтірген «ұлттық мінез» ұғымының бірнеше анықтамасын береміз: «Д.Б.Парыгиннің пікірінше, түрлі әлеуметтік топтардың, таптардың, қоғамның, ұлттың, халықтың психологиялық ерекшеліктерінің болуы еш күмән келтірмейді».

Осы көзқарасты ұстанатын Н.Жанділдиннің берген анықтамасында ұлттық мінез дегеніміз – «нақты бір экономикалық, мәдени, табиғи жағдайда дамитын белгілі бір әлеуметтік-этникалық қауымға аз не көп мөлшерде тән болатын психологиялық мінез-құлықтар жиынтығы». Ұлттық мінез немесе «ұлттың психологиялық қалпы» ұғымын жоққа шығармайтын С.М. Арутюнян оған «ұлттың тарихи дамуының ерекшелігімен, материалдық өмір ықпалымен қалыптасатын, оның мәдениетінен көрінетін ұлттық әдеттер мен дәстүрлердің, ойлар мен әрекет түрлерінің, сезімдер мен эмоциялардың өзгеше ұлттық көрінісі» деген анықтама береді.

«Тіл және мәдениетаралық коммуникация» кітабы

Кең тараған пікірге сүйенсек, ұлттық мінез дегеніміз – белгілі бір ұлттың өзіне ғана тән, өзгеше мінез-құлықтарының жиынтығы емес, жалпыадамзаттық мінез-құлықтардың өзгеше әмбебап жиынтығы.

Н.А. Ерофеевтің «Туманный Альбион. Англия и англичане глазами русских» атты еңбегіндегі ұлттық мінез туралы талдауларынан үзінді келтірейік:

«Көпшілігіміз неге америкалықтар – іскер, италиялықтар музыкаға жақын болады деген пікірдеміз? Әлде осы екі ел ішінде санақ жүргізіп, осыны анықтаған біреу бар ма? Әлдекімдердің байқағаны мен алған әсеріне қарап, неге әлдебір халыққа бүйрегіміз бұрса, керісінше келесі бірін жақтырмай жатамыз? Бір қызығы – бұл сезімдерімізді өзімізбен бірге ала кетпей, балаларымызға, немерелерімізге мұра еткендей табыстап кетеміз. Шешімін күтіп жатқан осы сияқты мәселелер жетерлік.

https://youtu.be/rVjgASlGGbM

Осындай аса күрделі мәселелердің бірі, тіпті ең күрделі мәселе десек те орынды, ол – әрбір этникалық бейненің маңызды бөлігі болған ұлттық мінез.

Әр халықтың тұрмыстық сана деңгейіндегі ұлттық мінезі бар екені шүбәсіз. Әсіресе мұндай ой өзге этникалық ортаға түскенде туындайды. Сол қауым адамдарының көп тұрғыдан өзіңізден өзгешеленетінін, мәселен, өмір салты, тұрмысы, кейде тіпті кескін-келбеті, іс-әрекеті сіздікінен мүлде басқа екенін байқағаныңызда, тұжырымыңыз беки түседі. Еріксіз бұл ерекшеліктер мен айырмашылықтардың туындауы кездейсоқтық па, әлде олар ортақ, терең бір негізден бастау алып, осы халықтың айрықша болмысына, ұлттық мінезіне кеп құйыла ма деген сұрақтарға жауап іздей бастайсыз. Бәлкім сол халықтың мінезін түсіну арқылы бүкіл ерекшелігін, болмысын ұғатын дәрежеге жетерміз. Сондықтан ұлттық мінезді сол халықтың бүкіл өмірін, болмысын, тіпті тарихын ашып беретін кілт деуге болады».

Кейбір зерттеушілер ұлттық мінез тек тұрмыстық санаға ғана тән, ғылыми санада болмайды, халықтың «типтік» мінез-құлқы дегендердің барлығы шартты нәрсе деп есептейді.

https://youtu.be/gw0YHKqmyLo

Ұлттық мінез жайында қатты сын айтқан көрнекті неміс жазушысы Генрих Бёлл болды. «Орыстар – міндетті түрде қауға сақалды, сезімге берілгіш, қияли, голландиялықтар – епсіз, аңғал, ағылшындар – өркөкірек не оқу соққан, француздар – тым сезімтал не тым ақылды, немістер – музыкадан басқаға мойын бұрмайтын не тұздалған қырыққабаттан бас алмайтын, венгрлер – өр көңілді, жұмбақ, шырпыдай тез тұтанатын қызба» деп әр халыққа таңылған ұлттық мінезді әжуа қыла отырып, оны «беллетристік наным» деп атайды.

Өз басымнан өткен бір оқиға есіме түсіп отыр. Лондон университетіне тағылымдамаға барған бір жылы ағылшын журналисі Беат Бишоптың «Өкінішке орай, типтік ағылшын адамы болмайды» деп айтқанына байланысты типтік орыс адамы туралы эссе жазуым керек болды:

Ұлттық типті сипаттауға келгенде, шексіз қиындықтарға тап боласың. Ондаған (бәлкім жүздеген) орыс танысымды көз алдымнан өткіздім, алайда олардың ешқайсысына типтік орыс адамы деген мәртебе бере алмадым. Бірінің «типтілігі» жоғары болса, енді бірінікі төмен. Мәселен, кейбір типтік адамға жатқызғандарым ұлты нағыз орыс еместер боп шықты. Керісінше, нағыз орыстар типтік адамға жатқызуға келмеді. Сондықтан үлгі боларлық орыс адамын сипаттаудан бас тартуыма тура келді.

Светлана Тер-Минасованың «Тіл және мәдениетаралық коммуникация» кітабынан

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button