Жаңалық

Ұлттық музей онлайн дәрістер мен шеберлік сабақтарын өткізуді бастады

Еліміздегі белең алған індетке байланысты карантин жағдайында көптеген мәдениет ошақтарының өз жұмысын уақытша тоқтатуына тура келді. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасын қолдау мақсатында, ҚР Ұлттық музейі «Jadiger» жобасы аясында әлеуметтік желілер арқылы онлайн дәрістер мен шеберлік сабақтарын өткізуді бастады.

Атап айтқанда, 26 наурыз күні ҚР Ұлттық музейінің «Халық қазынасы» ҒЗИ басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Ақан Оңғарұлы «Алтын обалардың» құпиясы тақырыбында, 27 наурыз ҚР Ұлттық музейінің ғылыми қызмткері, суретшілер Одағының мүшесі Галина Поваляшко «Актуальные арт-практики» в контексте городской культуры Казахстана тақырыбында, 29 наурыз ҚР Ұлттық музейінің «Халық қазынасы» ҒЗИ ғылыми қызметкері, «Саумал-салауатты өмір салтының қайнар көзі» тақырыбында, 31 наурыз ҚР ұлттық музейінің «Қасиетті Қазақстан» өлкетануды дамыту ҒЗО басшысы Батырхан Жұмабаев «Қазақи сананың қасиеті» тақырыбында, 02 сәуір күні т.ғ.д., профессор Жакен Таймағамбетовтың «Қазақстанның палеолитін зерттеуде ҚР Ұлттық музейінің қосқан үлесі» тақырыбында онлайн дәріс жүргізілді.

Алдағы уақытта, 6-сәуір күні «Қырым аралы» ғылыми-қалпына келтіру зертханасының суретші-реставраторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кырым Алтынбековтың – «Археологиялық қазбаларды сақтау және қалпына келтіру» тақырыбына, 7-сәуір күні ҚР Ұлттық музейінің «Халық қазынасы» аға ғылыми қызметкері, Өнертану PhD докторы Ардаби Мәулеттің – «Кетбұға және Алтын орда дәуіріндегі күй өнері» тақырыбына, 9-сәуір күні суретші, өнертанушы, Нұр-Сұлтан қаласы суретшілері Одағы Басқармасының мүшесі, Халықаралық форум кураторы, оқытушы Динара Нұргердің – «Заманауи көркемөнер тәжірибелері» тақырыбына, 10-сәуір күні ҚР суретшілер Одағының және ҚР дизайнерлер Одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің кавалері, Музейдің «Кескіндеме және графика» изостудиясының оқытушысы Мұхтар Байбосынның – «Түрлі-түсті қарындаштармен сурет салу: жемістер» тақырыбына Музейдің әлеуметтік желілердегі Facebook (@Ulttyqmuzei) жәнеInstagram (@Nationalmuseumkz) парақшаларында онлайн дәрістері мен шеберлік сабақтары өтеді.

Сонымен қатар, Музейдің ресми «JADIGER» youtube арнасында онлайн-экскурсиялардың видеолар топтамасы жүктеліп, көрермен назарына ұсынылды. Музейдің есігі ашылған күнге дейін, ұйым өз көрермендерімен үздіксіз онлайн форматта бірге болуды жоспарлап отыр.

ҚР Ұлттық музейінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button