Ұлттық музейде Эрмитаж күндері ашылды (ФОТО)
ҚР Ұлттық музейінде «Шығыс және Батыс: Мемлекеттік Эрмитаж топтамасынан ескі қару-жарақтар» көрмесінің жабылуына орай Эрмитаж күндерінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлады https://strategy2050.kz/news/49579/“>«Strategy2050.kz» АА.
«Эрмитаж – Ресейдегі және дүние жүзіндегі ең ірі көркемсурет және тарихи-мәдени музей. Бұл музей Санкт-Петербург қаласында 1764 жылы Екатерина ІІ-нің жеке қоры негізінде ұйымдастырылған. Бүгінде музейдің қорында 3 млн астам экспонаттар бар», – деді Мемлекеттік Эрмитаж бас редакторының орынбасары Светлана Адаскина Эрмитаж күндерінің салтанатты ашылуында.
Сонымен, «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында ұймыдастырылған Шығыс пен Батыс: мемлекеттік Эрмитаж қорынан көне қару-жарақ» атты көрмесі ағымдағы жылдың 3 шілдесін бастау алған болатын.
Көрменің хронологиялық шеңбері қару-жарақ қолөнерінің ауқымды тарихи кезеңін, XV ғасырдан бастап XIX ғасырдың соңына дейінгі аралықты, яғни 400 жылдан астам уақытты қамтиды.
Көрмеде 70-ке жуық қару-жарақ өнерінің туындылары қойылады. Олардың ішінде Түркия, Иран, Үндістан, Жапония, Франция, Италия, Германия, Испания және т.б. елдердің соғыс, аңшылық және салтанатты қарулары бар.
Көрме экспонаттары қару-жарақ шеберлерінің сәндік-қолданбалы өнердің дамуына қосқан үлесіне баға беруге, сол сияқты қару-жарақтың үздік үлгілері арқылы олардың іскерлігі мен сұлулығының үйлесу жарасымдылығын көрсетеді.
Қару-жарақ зерінде техникалық жабдықтарының дамуы мен жоғары мәдени деңгейі музейге келушілерді таң қалдырады. Көрсетілген бұйымдар өзінің практикалық маңыздылығын жоғалтып алса да, оларды безендірудің жоғары мәдени деңгейі қару-жарақтың тарихы мен дамуы және бұрынғы қару-жарақ ұсталарының таланты мен шеберлігі туралы сыр шертеді.
Сонымен қатар, Эрмитаж күндері аясында музейге келушілердің назарына Эрмитаж музейінен әкелінген виртуалды шынайылық аймағы жұмыс істеуде. Бұл жерде басты рөлде Константин Хабенский ойнаған 360 градус форматындағы «Эрмитаж VR.Тарихқа сүңгу» фильмі көрсетілуде. Бұдан басқа, Эрмитаждың Юпитер залының виртуалды моделі де ұсынылған. Көрермендер Санкт-Петербургтегі Эрмитажға виртуалды түрде «кіріп», Юпитер залын «аралай алады».
Жалпы, «Эрмитаж күндері» жобасы Қазақстанда 2015 жылы 1 желтоқсанда басталды.
Айта кетер болсақ, Эрмитаж – Ресейдегі және дүние жүзіндегі ең ірі көркемсурет және тарихи-мәдени музей. Санкт-Петербург қаласында 1764 жылы Екатерина ІІ-нің жеке қоры негізінде ұйымдастырылған. Ал, 1941 жылдан бастап Эрмитажда орыс мәдениетінің тарихы бөлімі жұмыс істейді. Эрмитажда 2 млн. 400 мың шамасында зат сақталған. Мұражай ғылыми және мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізеді. Реставрация шеберханасы, лекция залдары, рентген бөлмесі, кітапхана, фототека, т.б. жұмыс істейді. Ал, 1964 жылы Эрмитаж Ленин орденімен марапатталды.
Мөлдір Асқарқызы
Фото: Азамат Әлиев