Жаңалық Редакция таңдауы

Ұлттық қорды күшейту мақсатында жаңа қағидалар енгізілді

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысына айтты, деп хабарлайды Ruh.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық қордың жинақтау функциясын күшейту мақсатында трансферттерді алып қоюды және бюджет шығыстарының ұлғаюын шектеу жөніндегі жаңа қағидалар енгізілді. Бұл 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының «Ұлттық қор – балаларға» бастамасының енгізілуіне байланыстыаса өзекті болып отыр. Бұл жоба жинақталған қаржыны 18 жасқа толғаннан кейін білім алуға немесе тұрғын үй сатып алуға пайдалана алатын 6,7 млн баланы қамтиды, – деді ол.

Соңғы 4 жылда бюджет шығыстарын оңтайландыру есебінен 4,7 трлн теңге басқа басым міндеттерге бағытталды.

Осы кезеңде салықтық және кедендік  әкімшілендіруді жақсарту мен цифрландыру есебінен республикалық бюджетке қосымша 2 трлн теңгеден астам қаржы түсті, – деді Премьер-Министр Әлихан Смайылов.

Жергілікті бюджеттер нығайтылды.

Шағын және орта бизнестен түсетін  корпоративтік табыс салығын беру түсімдерді 480 млрд. теңгеден 1 трлн теңгеге дейін – яғни 2 есеге ұлғайтты. Өндірушілер мен сатушылардың қосымша маржасының бір бөлігін алу үшін бензин мен дизель отынына акциздер көтерілді. Бұл 2022 жылы жергілікті бюджеттерге 162 млрд теңге көлемінде қосымша түсімдер алуға мүмкіндік берді, – деді Үкімет басшысы.

Тау-кен секторында пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық мөлшерлемелері ұлғайтылды.

Нәтижесінде, осы салық бойынша түсімдердің өсуі ағымдағы жылдың 7 айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 320 млрд теңгені құрады. Бұл ретте осы саладағы жаңа жобалар үшін ынталандыру шаралары көзделген. Жаңа жобаларды игеру кезінде 5 жылға дейін өндіру салығынан босату қарастырылған. Сонымен қатар, салық жеңілдіктерінің тиімділігін талдау жөніндегі тапсырма шеңберінде дивидендтерге арналған жеңілдік жойылды, – деді Әлихан Смайылов.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button