Ұлттық құндылықтарды ұлықтау – мемлекеттік рәміздерді құрметтеуден басталады

Әр мемлекеттің егемендігін айшықтайтын негізгі атрибуттарының бірі-мемлекеттік рәміздер. Өз кезегінде ұлттың діні, тілі мен рухы маңызды рөл атқарса, мемлекеттік рәміздер де ұлттық құндылықтарды айшықтап, рухымызды көтеретіні жасырын емес. Көкте желбіреп тұрған көк туымызды көргенде делебеміз қозып, әнұран айтылғанда кеудемізді ерекше мақтаныш сезімі билейтіні де содан. Туған жерге деген сүйіспеншілік, елге деген ерекше сезім осы мемлекеттік рәсіздерді құрметтеуден бастау алады. Сондықтан да, Елтаңбамыз бен Ту, Әнұранның ресми және бейресми іс-шараларда орын алуы маңызды.Бұл азаматтарымыздың бойында патриоттық сезімді шыңдау мен өскелең ұрпақтың жадында жатталуына үлкен үлес қосады.
1992 жылы мемлекеттік рәміздерімізді таңдау үшін арнайы Жоғары кеңес президиумы жұмыс тобын құрған еді. Республика бойынша конкурс жарияланып, үміткерлер өз нұсқаларын ұсына бастайды. Сол конкурс кезеңінде:
- Елтаңбаға 245 жоба
- Туымызға 1 000 аса үлгі
- Әнұранға 750 нұсқа келіп түскен.
Осылайша, 1992 жылы 4 маусым күні Қазақстанның Мемлекеттік
рәміздері туралы заң қабылданып, бекетілді. Мемлекет таризында осы жата «мемлекеттік рәміздер күні» болып алтын әріптермен жазылып қалды. Жыл сайын осы күн мемлекеттік деңгейде атап өтіліп келеді. Бұл ерекше белгілер өз кезегінде халқымыздың негізін, рухы мен ұлттық санасын айшықтап көрсететін, ұлтымыздың ерлігі мен даналығын жеткізеді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы- көгілдір түсті, ортасында шұғылалы күн бейнеленген, күннің астында аспанда қалықтап ұшқан қыран құсы бар тік бұрышты болып келеді. Шет жағында ұлттық ою-өрнегіміз тігінен түсірілген. Бұл жердегі күн мен қыран да, ұлттық өрнек те сары, алтын түстес болып бейнеленеді. Тудың көк түсі көк аспанмен ассоцациаланып, еліміздің бірлікке бейімділігін танытып тұрғандай. Бұл өз кезегінде Қазақ жерінде тәуелсіз мемлекеттік еңсесі көтеріліп, шекарасы бекітілгендігін, ниетінің тазалығын көрсетеді. Ал, Мемлекеттік туымыздағы дала бүркіті қазақ халқының жомарттығы мен кең пейілін және қырағылығын айшықтап тұр. Мемлекеттік туымыздың авторы-Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің бірі-Елтаңба. Оның авторлары танымал сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шотаман Уәлиханов. Елтаңбамыз дөңгелек пішінді болып келеді, ортасында шаңырақ бейнеленіп, оны айнала күн сәулесі іспетті уықтар тұр. Шаңырақтың екі жағында аңыздарда айтылатын қанатты пырақтардың бейнесі тұр. Жеті қазынаның бірі болып саналатын тұлпар бұл жерде жеңіске деген жігер, қажымас қайрат, мұқалмас қажыр мен егемендікке ұмытлған құлшынысты сипаттап тұр. Негізінен, осы қанатты тұлпар біздің батырлар жырында да, қазақ поэзиясында кеңінен тараған бейне болып табылады. Бұл ұшқыр арман мен қиялдың, жоғары талаптың, арман мен биіктерге құштарлық, ұлылықтың кейіпіндей. Ол кеңістік пен уақыт арасын жалғап, мәңгілікке ұшастырушы.
Елтаңбамыздың жоғары жағында орналасқан үлкен жұлдыздар аспанды, әр адамға жол көрсететін, бағыт бағдар беретін жарық жұлдызы секілді. Бұл жердегі осы жұлдыздар мен шаңырақ және уық, қанатты парақтардың бейнесінің бәрі, «Қазақстан» атты төменгі бөлігінде жазылған жазу да алтын түстес болып келеді.
«Менің Қазақстаным» атты ән 2006 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен Парламентте Қазақстан Республикасының Әнұраны болып бекітілді. Әнұран ретінде алғаш рет Н.Назарбаевтың инаугурация кезінде орындалды. Негізі бұл ән 1950 жылдардан бастап Қазақстанның бейресми әнұраны болып кеткен еді. Атақты композитор Шәмші Қалдаяқовтың әнінің мәтінін азды көпті өзгерістер енгізілді. Осылаша, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының авторлары ретінде Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов және Нұрсұлтан Назарбаев жазылды.
Осы жылы қабылданғанына 32 жыл болатын Мемлекеттер рәміздер әрдайым өз деңгейінде ұлықталып келеді. Ресми іс-шаралар мен мемлекеттік мекемелердің төрінде тұрады. Елтаңба көрінісі әрбір Қазақстан азаматының құжатында бар. Бір қызығы, туу туралы куәліктен бастап, зейнетке шығатын кітапшаға дейін осы Елтаңба белгісін қолданады. Қазақстан Республикасының заңнамалар жинағында Мемлекеттік рәміздерге арнайы 3 бап жазылған.
Мемлекеттік туға қатысты да міндеттелген дүниелер бар. Мысалы, мемлекеттік кез келген мекеменің маңдайшасында көк туымыз міндетті түрде тұру керек. Сонымен қатар, оның үнемі оң жаққа қарай желбіреп тұруына назар аударылады. Ал, Қазақстандағы көлемі жағынан ең үлкен ту Астанадағы 2009 жылы салынған «Атамекен» этномемориалдық кешенінде, Мемлекеттік рәміздер алаңында орналасқан. Оның биіктігі 111 метрді құрайды.
Мемлекеттік рәміздерді ұлықтауға үнемі назар аударылып, көңіл бөлініп тұрады. 1994 жылы 1 шілде күні Талғат Мұсабаев қазақтың көк Туын алғаш рет ғарышқа апарды. Ал, 2015 жылы ғарышкер Айдын Айымбетов ғарышқа жасаған сапарының уақытында Қазақстанның туымен жерді 150 рет айналып ұшқан болатын. Сонымен қатар, 4810 м биіктікте орналасқан Монблан шығында,
7134 м биіктіктегі Памир тауының Ленин шыңында және 8800 м биіктіктегі Эверест шыңында ҚР көк Туы желбіреп, Әнұрамыз шырқалды.
«Көк тудың желбірегені
Жаныма қуат береді.
Таласқа түссе жан мен Ту
Жан емес маған керегі» - деп өлең жазып, ән шырқаған ел өнерпаздары үшін де Мемлекеттік рәміздердің рөлі мен орны жоғары. Ал, спорт жарыстарында көк Туымыздың көкке көтеріліп, Әнұраны шырқалғанын естуден артық бақыт бар ма? Сынған түскен сәттер мен жеңісті жарыстарда бұл спортшылардың ғана емес, намысты додаларды тамашалап отырған көрермендердің де рухын оятып жіберетіні сөзсіз.
Негізі енді ғана құрылып, тәуелсіздік алып отырған мемлекет үшін ең бірінші жасайтын маңызды һәм ресми қадамы – мемлекеттік рәміздерін қабылдау. Бұл оның еңсесін биік етіп, саяси аренада тәуелсіздік пен ел егемендігінің көрінісі болатын бірегей әрі негізгі көрсеткіш пен белігінің бірі. Кез келген тәуелсіздігі жоқ ұлт еркін дауыспен сөйлеп, еңсесін көтеруді ұзақ жылдар, тіпті, бірнеше ғасырлар бойы арман етеді. Ал, мемлекеттік рәміздердің қабылдануы осы асқақ арманның орындалып, енді бұл елдің басқа мемлекеттермен де терезесі тең болғанын көрсетеді.
Мемлекеттік рәміздердің қай қайсысы болмасын өз кезегенде терең тарихы мен болашаққа деген сенім, мақсаттарын үйлестіреді. Біз үшін де көк туымыз, айбынды елтаңбамыз және Әнұранымыз «мың өліп, мың тірілген қазақтың» кең тыныстап, жаңа деңгейге шыққанын айшықтайтын құнды белгілер. Сол үшін де егемендік алып, мемлекеттік рәміздерге конкурс жарияланғанда барлық қазақ бұл іске ат салысқандай болды, белсенді қатысты. Кейіннен мемлекеттік рәміздер қабылданған соң да ел ішінде «көк аспанда желбіреген көк Туымыз», «елдіктің нышаны болатын Елтаңбамыз», «бізді әлемге танытатын Әнұрамыз» деген теңеулер көп айтылып, жазыла бастады.
Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау негізінен мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеуден, оның бағасын біліп, ұлықтай алудан бастау алады. Себебі, мемлекеттік рәміздеріміз-еліміздің қарқынды дамуының ажырамас бөлігі. Сол себептен де, әр отандасымыз бұл рәміздерге ерекше құрметпен қарап, олардың қадіріне жете білуі, аяқ асты етпеуі өте маңызды. Мемлекеттік рәміздер арқылы бізді бүкіл әлем таниды. Ал, оларда біздің өткеніміз бен болашағымыз, тарих тағылымдары мен ертеңге деген сеніміміздің негізі жатыр. Туымыз тұғырынан түспей, Әнұранымыз шарықтап айтылып, Елтаңбамыз елдігімізді мәңгі білдіріп тұрғай!