«Ұлттық рухани жаңғыру» аясында кітап оқуды қалай насихаттаймыз?
Бүгін елордалық кітапханалардың басшылары мен қызметкерлері үшін Ұлттық академиялық кітапханада Ақпарат және қоғамдық даму, Білім және ғылым, Мәдениет және спорт министрліктерінің өкілдері «Ұлттық рухани жаңғыру» Ұлттық жобасының негізгі бағыттары туралы материалдарды таныстырды.
Ұлттық академиялық кітапхананың директоры, педагогика ғылымдарының докторы Үмітхан Мұңалбаева әдебиетті, оқырмандық мәдениетті ілгерілетудегі Ұлттық жобаның маңыздылығын және қазақстандықтарды туған елдің мәдени-тарихи мұрасымен таныстыру мүмкіндігін атап өтті.
Мәдениет және спорт министрлігінің өкілі М.Арғынбеков Ұлттық жоба аясында кітап оқуды насихаттауға бағытталған жұмыс жалғасатынын айтты. Осылайша, Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасының ақпараттық жүйесін жетілдіру, түрлендіру және мобильді қосымшалар арқылы қолжетімділікті қамтамасыз ету қарастырылған.