Ұлттық спорт түрлеріне сұраныс артуда
Қазіргі уақытта қоғамда ұлттық спорт түрлеріне деген сұраныс артып келеді.
Бұған өз кезегінде кейінгі жылдары ұлттық спорт түрлері мен ойындарынан турнирлерді тұрақты түрде ұйымдастыру оң әсер еткені анық («Ақ бидай» ауыл ойындары, «Ауыл» жасөспірімдері ойындары, ұлттық спорт түрлері фестивалі, «Қазақстан Барысы» және «Жас Барыс» республикалық турнирі және басқа да Қазақстан Республикасының чемпионаттары).
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ күресіне ерекше басымдық бере отырып, қазақтың ұлттық ойындары түрлерінен арнайы іс-шаралар кешенін әзірлеу қарастырылуда.
«Тұран ТВ» телеарнасына аудиовизуалды өнімдерді орналыстыру, арнада отандық өнім контентін көбейту, мемлекеттік саясатты тиімді насихаттауға арналған ақпараттық-идеологиялық бағдарламаларды шығару бойынша нақты ұсыныстар әзірленуде.