Жаңалық
«Ұлы дала әуендері» түсірілім экспедициясы жолға шықты
![](/storage/storage/element/2021/11/26/mainphoto/kaGC0gt8N86Tvxk9VOS1jwOVMOoz7x4uuyQD3yMP.jpg?time=1700899603)
Ұлттық мәдениетті сақтау мен қайта жаңғырту мақсатында Домбыра Ұлттық Телеарнасы шығармашылық тобы «Ұлы дала әуендері» жобасымен еліміздің Орталық өңірлеріне түсірілім экспедициясымен барған болатын.
Түсірілім тобы:
· 4 қараша Шет ауданы
· 5 қараша Ақтоғай ауданы
· 6 қараша Бұқар жырау ауданы
· 7 қараша Қарқаралы ауданы
· 8 қараша Жаңаарқа ауданы
· 9 қараша Жезқазған қаласында жұмыстарын жалғастырады.
«Ұлы дала әуендері» жобасына жоғарыдағы өңірлердің дәстүрлі әнші, жыршы, күйші, термешілерін түсірілімге шақырады.
Ұлт тәрбиесіне қатысты бағдарламаға түсем деушілер болса 8 727 305 04 69, 8 707 707 70 71 байланыс телефондарына хабарласып, барлық сұрақтарыңыздың жауабын ала аласыздар.