«Ұлы дала» Фестивалі өтті
14 сәуірде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қарағанды қаласы, «Жұлдыз» балалар мен жасөспірімдер клубының алаңында қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын танытатын «Ұлы дала» фестивалі болып өтті.
Фестивальға қатысушылар шеберлік сыныптары, қолөнер шеберлерінің көрмесі, ұлттық тағамдар, тоғызқұмалақ, асық ату, арқан тарту сынды жарыс түрлері бойынша өзара бақ сынасты.
Іс-шараның басты мақсаты – қазақ халқының дәстүрлері мен салт-дәстүрлерін сақтау және дәріптеу, туған жерге деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін арттыру, қоғамдағы тұрақтылық пен этносаралық келісімді нығайту.
Осы ретте «Шахтёр» ҚМҚК әдіскері Марина Галяс:
«Біздің халық салт-дәстүрлерімізді таныстыру мақсатында тұрғындарға осындай іс-шара өткізіп отырмыз. Бүгінгі фестивальде өзіміздің балалар мен жасөспірімдер клубтарының күштерімен дайындалған бағдарламалар ұсынып отырмыз» – деді.
Қарағанды қаласының тұрғыны Кира Игнатова да бүгінгі іс-шараға өзінің алған әсерімен бөлісіп, жүрекжарды тілегін жеткізді:
«Менің ойымша, бұл фестиваль ұзақ уақыт бойы Қарағанды тұрғындары мен қонақтарының есінде қалады. Мұндай шаралар бір-бірімен жақсы танысуға мүмкіндік береді. Мен қолөнершілердің керемет шығармашылығына, биге таң қалып отырмын. Осындай іс-шараларды көбірек көргім келеді».