Жаңалық

«Ұлы даланың өнерпаздар керуені»

Павлодар облысында «Ұлы даланың өнерпаздар керуені» жобасының жеңімпаздары анықталды

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» тарауында: «Ұлттық өнерімізді кеңінен насихаттауға тиіспіз» деген болатын. Осы мақала аясында Павлодар облысы әкімдігінің, Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының және «Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығы» КМҚК қолдауымен «Ұлы даланың өнерпаздар керуені» жобасы іске қосылды. Жыл бойы керуен өңірдің шалғай ауылдарын аралады.

Үстіміздегі жылдың наурыз айында «Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығы «Ұлы даланың өнерпаздар керуені» атты елде жоқ ерекше жобаны қолға алған болатын. Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен жүзеге асырылған аталмыш жоба қыркүйек айына дейін жалғасты. Ал 6-шы қараша күні ресми қорытындысы шығарылып, гала концерт ұйымдастырылды.

Ондағы мақсат: Ата-бабадан келе жатқан ұлы мұраны кеңінен насихаттап, ұлы дала мұрагерлерінен өткен мыңжылдықтағы өнегелі, нұсқалы сөздердің тізбегіндей болған халық ауыз әдебиетінің айтыс, дәстүрлі ән, терме, күй, ұлттық ойындар, жаңылтпаш, жұмбақтар фольклорын шалғайда жатқан елді мекендегі халыққа дәріптеу.

2019 жылдың 6-қарашасы күні сағат 15.00-де облыстық «Шаңырақ» орталы-ғының үлкен залында «Ұлы даланың өнерпаздар керуені» атты облыстық жобаның Гала концерті мен марапаттау рәсімі өтті.

Облыс мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ернұр Дәуенов Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында Павлодар облысында 200-ден астам жоба жүзеге асырылатынын атап өтті.

«Сол жобалардың ішінде бірегейі, ерекшесі – «Ұлы даланың өнерпаздар керуені» атты жобасы», – деді басқарма басшысы. – Бұл жоба өңіріміздің барлық ауылдарының қатысуымен ерекшеленеді. Өнерпаздардың ауыл- ауылды аралауы тамаша идея болды. Бұл жобаның басты мақсаты ұлттық құндылықтарымызды насихаттау болып табылады. Сол себепті, осы жоба күнделікті әдетке, дәстүрге айналса екен деген ойымыз бар.

Жоба қорытындысы бойынша бас жүлдені жеңіп алған Май ауданына музыкалық аппарат табысталды. Үшінші орынды Аққулы, екінші орынды Ертіс және бірінші орынды Баянауыл ауданы қанжығаларына байлады. Жүлдегерлер дыбыс күшейткіш, микшерлік микрофон және микшерлік пультке ие болды.

Павлодар облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button