Жаңалық

Үміт. Күдік. Қадам

Жүгіру марафоны болады. 1983 жылы. Австралияда.          Арақашықтық – 875 шақырым. Сиднейден Мельбурнға дейін. Елестетіп көрелік. 875 шақырымды адам қанша уақытта жүгіріп өте алады? Ең аз дегенде 5-6 күн. Бұл жаттыққан спортшылар үшін ақылға қонымды уақыт. Ал 61 жасар шаруа үшін ше? Толығырақ:

Ауқымды шараға көптеген тәжірибелі де атақты спортшылар қатысады. Оларды көптеген бренд өкілдері, спорт жанкүйерлері, дүкендер мен кәсіпкерлер демейді. Яғни дайындық бар. Сондай-ақ бұл жарысқа 61 жасар «жігіт» те қатысады.

Жарыс басталады. Барлығы жүгіре жөнеледі. Ең артында кім қалды деп ойлайсыз? Иә, сол 61 жастағы «жігіт» шаң қауып келеді. Жанкүйерлер Клифф үшін алаңдайды. Денсаулығы шыдамайды деп ойлайды. Тіпті, мазақ етеді.

Клифф Янг есімді шаруа адамы аталмыш марафонды жүгіріп өтеді. Және бірінші келеді. Сенесіз бе?

Оның жеңісінің себебі де қызық. Ол бар болғаны жарыс ережесін білмеген еді. Ереже бойынша спортшылар 18 сағат жүгіріп, 6 сағат ұйықтау керек болатын. Және олар сөйтті де. Ал Клифф Янг ұйықтауға болатынын білмеді. Яғни 24 сағат жүгіре берді. Бірінші күні де, екінші күні де. Үшінші-бесінші күндері ұйықтады. Бірақ алты сағат емес.

Сонымен Клифф Янг 875 шақырымды 5 күн, 15 сағат, 4 минутта жүгіріп өтіп, рекорд орнатты. Тіпті қызығы – Клифф жеңімпазға 10 мың доллар жүлде берілетінін де білмеген. Қатысқысы келді, шарттарын білмеді, шеңберден шыға білді, ешкімнің пікірін елемей, өзіне сене білді, тарихта қалды.

Мәселе осы шеңберде. Ережеде. Көбіне көп жұрт айтатын пікірді, белгілі бір заңдылықты бұзбай, қоршап қойған сызықтан аспай өмір сүреміз. Себебі шеңбердің ішін жақсы білеміз. Ал сырты қауіпті болуы мүмкін. Иә, шеңбердің сырты тым әдемі де ыңғайлы болуы да мүмкін. Бірақ, қауіпті болуы да мүмкін. Сондықтан одан асуға жүрек дауалай бермейді. Бұл үшін тәуекел керек.

Тәуекел демекші. Осыдан 28 жыл бұрын тәуекелге бел байлап әлем аренасында жаңа мемлекет пайда болды. Жаңа да жас. Өзіндік қарыздары да, парыздары да жетіп артылар еді. Бірнеше қадам жасалды. Үмітпен. Күдікпен де… Ширек ғасырдан сәл артық уақытта сол қадамдар өз жемісін бере бастады. Мақтануға тұрарлық іс. Шеңберден шыға білді. Басқаша ойлай алды. Тәуекелге барды. Өзіне сенді. Жеңді.

Бүгінде әлем сахнасында өзіндің үні мен орны бар мемлекет болдық. Бұл оңай іс емес. Айтуға болмаса. Қаншама азаматтың маңдай тері, түн ұйқысы, қызыққа толы күндері құрбан болды. Айтылатыны бар, айтылмайтыны бар… Шындық біреу. «Асыра сілтеу» деген ұғым бар да, «жақсының жақсылығын айту» деген ұғым бар. Ажырата алмақ керек.

Иә, «қап», – дейтін де кездер жоқ емес. Десе де көш жүре келе жөнделеді. Той құтты болсын, қазақ елі! Ел іргесі берік, іші тыныш болғай! Жақсы күндерде қауышқанша! (Шеңбердің сыртын да ойлай жүрелік).

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button