«Үркер – 2020» Ұлттық сыйлығына өтінімдерді қабылдау мерзімі ұзартылды
Қатысушылардың көптеген өтініштері бойынша «Үркер – 2020» Ұлттық сыйлығына өтінімдерді қабылдау мерзімі 2020 жылғы 5 қараша сағат 18:00-ге дейін ұзартылды.
Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық сыйлық баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктерді бағалау үшін және журналистиканың беделін арттыруға, кәсіби стандарттарды бекітуге бағытталған.
Конкурстық жұмыстарға қойылатын талаптар:
– жұмыстар 2019 жылғы 01 қаңтар мен 2020 жылғы 01 қараша аралығында жариялануы тиіс;
– жұмыстар баспа басылымында, интернет-ресурста жариялануы немесе радиоэфирде шығуы тиіс.
«Үркер — 2020» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі онлайн-форматта 2020 жылғы 13 қарашада өтеді. Конкурс қорытындысы бойынша әр номинацияның үздік өкіліне жеңімпаз атағы беріліп, «Үркер» естелік мүсіншесі және бір миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлық табыс етіледі.