Жаңалық

Үздік дирижер атағына кім ие болды?

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламасының «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» жобасы аясында Өнер және мәдениет факультеті Хорды дирижерлау және ән кафедрасының ұйымдастыруымен қалалық «Үздік дирижер» байқауы өтті.

Байқау Алматы қаласы ЖОО-ның «Музыкалық білім беру» мамандығының 2-курс білім алушылары арасында ұйымдастырылды. Сайыстың мақсаты – болашақ мамандардың кәсіби мүмкіндіктерін дамыту, білім алушылардың оқу-танымдық белсенділігін ынталандыру; талантты және дарынды білім алушыларды іріктеу және қолдау. Шараға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, сондай-ақ Қыздар университетінің студенттері қатысты.

Сайыста «Отаным құлпырды», «Қандай сұлу дүние», «Скворцы прилетели», «Туған жер туралы толғау, «Ноктюрн», «Jada» сынды танымал композиторлардың шығармалары орындалды. Сайыстың талаптары бір міндетті және бір таңдаулы шығарманы дирижерлеу, әділқазылар алқасы таңдаған екі шығарманың хор партитурасын фортепиано аспабында орындау.

Сайысқа 22 студент қатысты. Оның ішінде 9 студент жүлделі орындарды иеленді.

Алматы қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button