Жаңалық Редакция таңдауы

«Үздік кітапханашы-2023» байқауының қорытындысы шығарылды

ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы «Көкжиек-Горизонт» баспасымен бірлесіп ұйымдастырған «Үздік кітапханашы-2023» байқауының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Ruh.kz.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

ҚР Үкіметінің қаулысымен 24 қазан – Кітапханашы күні болып белгіленді. «Үздік кітапханашы-2023» байқауына еліміздің мектептері мен колледждерінен 1300-ден астам кітапханашы қатысты.

Байқау ғылыми және көркем әдебиетті сақтау, зерттеу және насихаттау бойынша озық тәжірибелерді анықтауға бағытталған.

Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды:

1 орын – Қостанай облысындағы мектептің кітапханашысы Римма Егороваға;

2 орын – Павлодар қаласындағы № 7 ОБМ КММ кітапханашысы Гүлжан Тукеноваға;

3 орын – «TAMOS EDUCATION физика-математика мектебінің» кітапханашысына бұйырды.

Еске салайық, ҚР Үкіметінің қаулысымен 24 қазан – Кітапханашы күні болып белгіленген. Бүгінде мектеп кітапханашыларына педагог мәртебесін беру мәселесі қарастырылып жатыр.

Бұдан басқа, биыл Оқу -ағарту министрлігі жалпы білім беретін мекемелердегі 2165 кітапханашының біліктілігін арттыру курстарын өткізуді жоспарлап отыр.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button