Жаңалық

«Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары анықталды

«Ең басты мамандық – ол ұстаз. Өйткені ұстаз барлық мамандық иесін тәрбиелейді, білім береді», – деп мұғалімдердің төл мерекесі қарсаңында құттықтау сөзін бастаған Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Үздік педагог-2020» байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

Салтанатты іс-шарада Министр Асхат Аймағамбетов қазіргі жағдайда аянбай еңбек етіп жүрген барша мұғалімдерге алғысын білдірді.

Биыл «Үздік педагог» конкурсының республикалық кезеңіне 143 педагог өтінім берген болатын. Оның ішінде: мектепке дейінгі және орта білім бойынша – 109, техникалық және кәсіптік білім бойынша – 35. Жеңіп шыққан 64 ұстаздың әрқайсысына «Үздік педагог» төсбелгісі мен 2 788 000 теңге (1000 АЕК) көлемінде сыйақы табысталды.

Жалпы 9 жыл ішінде «Үздік педагог» конкурсының жеңімпаздары болған мектепке дейінгі және орта білім, техникалық және кәсіптік білім жүйесінің 432 педагогіне 1000 АЕК ақшалай сыйақы берілгенін айта кеткен жөн.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button