Жаңалық
Редакция таңдауы
Владимир Путин Ақордаға келді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинді Ақордада қарсы алды, деп хабарлайды Ruh.kz.

Ақорда резиденциясында Ресей Республикасының президенті Владимир Путинді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді. Сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің Әнұраны орындалды.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізеді деп жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек Ресей басшысы Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысады.
Форум Астана уақытымен сағат 13:40-та Хабар24 телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.