Жаңалық Редакция таңдауы

XI Азаматтық форум: инклюзия және кедергісіз қоғам құру мәселелері талқыланды

Бүгін Астанада өткен «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін – азаматтық қоғам дамуының басты бағыты» атты XI Азаматтық форум барысында инклюзия және кедергісіз қоғам құру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Ruh.kz.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Пленарлық отырысқа ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа, ҮЕҰ көшбасшылары, қоғамдық кеңестердің төрағалары, Парламент депутаттары қатысты.

Бүгінде «инклюзияны» дұрыс түсіну мәселесі өте өзекті. Мүмкіндіктері шектеулі жандарға басқа адамдардың қалай қарайтыны маңызды. Біз бұл жерде жай ғана қолдау көрсету туралы айтып отырған жоқпыз. Біз толыққанды және ешқандай кедергісіз азаматтық қоғам туралы айтып отырмыз. Бұл бағыт бойынша, Президенттің қолдауының арқасында, үкіметтік емес сектор белсенді түрде жұмыс жүргізіп жатыр,- деп атап өтті Аида Балаева.

Олардың бірі «Орда» ҚБ: соңғы 7 жылда аутизмі бар балаларды қолдау жөніндегі халықаралық әдістемелер бойынша табысты түрде жұмыс істеп келе жатқан үш бірдей «ОРДА АУТИЗМ» түзету-оңалту орталығын ашты.

Бірлестік басшысы Салтанат Есмағанбетова: Қазақстанда халықтың түрлі осал топтарымен жұмыс істеуде, оңалту, білім беру және заң саласы бойынша кең ауқымды қызмет көрсететін 7,5 мың ҮЕҰ-ның белсенді жұмысы туралы атап өтті.

Сондай-ақ ол Қазақстанның Азаматтық Альянсы – Үкіметтің  стратегиялық серіктесі және қоғам мен мемлекет мүддесі үшін, елдегі экономикалық реформаларды ілгерілету үшін қазақстандық ҮЕҰ жалпыұлттық желісінің үйлестірушісі болуға дайын екенін білдірді.

Осы орайда, министр «Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бойынша бірінші кезектегі шаралар Жоспарын» табысты түрде іске асыруды атап өтіп, адам құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды одан әрі ілгерілетудің маңыздылығын айтты. Бұл – мемлекеттің елеулі өзгерістерге дайын екенін көрсетеді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button