Арнайы жобалар

XIX ҒАСЫРДЫҢ 20-40 ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН I Ермұхан Бекмаханов I Дала ренессансы

«XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан». Бұл кәсіби тарихшы, қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымдарының докторы Ермұхан Бекмахановтың әйгілі еңбегі. Тарихшы 1946 жылы дәл осы тақырыпта докторлық диссертациясын қорғап шығады. 1947 жылы Алматыда орыс тілінде «XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» атты монографиясы жарық көрді. Осы сәттен бастап, ғалымның еңбек жолына тосқауыл қойылып, қисынсыз айыптар тағыла бастайды. Ермұхан Бекмаханов аталмыш еңбегінде алғаш рет қазақтардың патшалық Ресейдің отарлық саясатына қарсылығын тәуелсіздік үшін күрес, ал қарулы көтерілістің көсемі болған Кенесары Қасымұлын ұлт батыры ретінде сипаттады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button