Заманауи мәдениеттің жастарға қызықты 5 бағыты
Деректер «Қазақстан жастары» әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері бойынша дайындалған талдамалық баяндамадан алынды.
Қазіргі мәдениеттің жастар үшін ең қызықты бағыты заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, сондықтан зерттеуге қатысқан респонденттердің 63% «Тик-Ток» желісінің танымалдылығын атап өтті. Видеоблог жүргізу 30,7% жастар үшін танымал, аниме мен киберспортты 23% және 21,3% респондент таңдаған. Жастардың топ-5 қызығушылығының қатарына спортта кірді. K-pop, хип-хоп, рэп, Q-pop сияқты музыкалық бағыттар жастар арасында аса танымал емес (12, 8% – 17, 8% респондент осы жауапты таңдады).
Бір қызығы, қазіргі заманғы мәдениет бағыттарының жалпы жастарға әсері оң бағаланады, 36,7% респондент мәдениеттің қазіргі бағыттары жас адамның жеке басының дамуына ықпал етеді деп санайды, 27,2% – қазіргі мәдени трендтердің дүниетанымға оң әсер ететініне сенімді. Сауалнамаға қатысқандардың төрттен бір бөлігі (24,1%) теріс әсер туралы (адамның жеке қасиеттерінің бұзылуы және жастар арасындағы девиантты мінез-құлық деңгейінің артуы) айтқан. Әрбір бесінші адам қазіргі мәдениет пен оның бағыттары жас ұрпаққа айтарлықтай әсер етпейді деп санайды.