Арнайы жобалар
ЖАМИҒ АТ ТАУАРИХ I Рашид ад дин Фазлолла Хамадани I Дала ренессансы
«Жамиғ ат-тауарих» (Тарихтар жинағы) – парсы тарихшысы, әйгілі ғұлама ғалым Рашид-ад-дин Фазлолла Хамаданидің еңбегі. Рашид ад-диннің нақты туған жылы белгісіз, зерттеушілердің пайымынша ол 1239-49 жылдар аралығында Иранның Хамадан қаласында дәрігерлер отбасында дүниеге келген. «Жамиғ ат-тауарих» кітабы Иранды билеген Шыңғыс ханның ұрпағы Сұлтан Махмұд Ғазан ханның тапсырмасымен жазылған. Ғазан ханның есімі қазақ ертегілері мен аңыз-әңгімелерде Қазан хан атымен белгілі.
