Жаңалық
Жаңа оқу жылында 510 мың баланың ата-анасына ақша аударылады

Фото: El.kz
Мемлекет тарапынан әлеуметтік осал санаттағы 510 мыңнан астам балаға киім, мектеп керек-жарақтарын, кеңсе тауарларын сатып алу үшін қаржылай қолдау көрсетіледі, деп хабарлайды Ruh.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінгі күні «Жалпыға міндетті білім беру» қорынан 423 мыңнан астам баланың ата-анасының есепшоттарына 17,3 млрд теңгеден астам қаражат аударылды.