Елордада өткен сенбілікке 66 мыңнан астам адам қатысты
Астана қаласында «Жасыл Астана» экологиялық айлығы өтті, деп хабарлайды Ruh.kz.

Фото: Астана әкімдігі
Астана әкімдігінің ресми сайтынын мәлімдеуінше, экологиялық айлық аясында өткен жалпықалалық сенбілікке 66 мыңнан астам қала тұрғыны қатысты.
Коммуналдық сенбілік аясында 1240 жасыл желек отырғызылды. Сенбіліктер аясында бүгінге дейін ауданы 1 млн 360 мың шаршы метрден астам саябақтар мен алаңдар тазартылды. 108 бірлік тиеу техникасы және 215 бірлік жүк техникасы жұмылдырылды.
Биыл 16 қыркүйек пен 23 қыркүйек аралығындағы кезеңде сенбілікке 66 мыңнан астам адам қатысты. 2400-ден астам жасыл желек отырғызылды. Астана қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына 108 тоннадан астам қалдық жиналып, тасымалданды.
Айта кетейік, елордада «Жасыл Астана» дәстүрлі экологиялық айлығы 16 қыркүйектен 14 қазанға дейін өтеді. Осы жұмыс аясында қалалық қызметтерді, еңбек ұжымдарын және белсенді қала тұрғындарын жұмылдыра отырып, бірнеше коммуналдық және жалпықалалық сенбілік өткізіледі.