Жаңалық Редакция таңдауы

Жазушы Медеу Сәрсекеге «Абай облысының құрметті азаматы» атағы берілді

Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, жазушы Медеу Сапаұлы Сәрсекеге «Абай облысының құрметті азаматы» атағы берілді, деп хабарлайды Ruh.kz.

Фото: ашық дереккөзден

Жазушы Медеу Сапаұлы Сәрсеке 1936 жылы 2 қаңтарда Абыралы ауданының Қайнар кеңшарында туған. Орта мектепті 1953 жылы бітіріп, Қазақтың Политехникалық инстиутына түсіп, білім алып шыққан соң журналистикаға келеді. «Лениншіл жас» газетінде жұмысшы жастар бөлімінің меңгерушісі болып қызметін бастайды. Кейіннен Семейге келіп, зауытқа инженер болып қызмет етеді.

Өндіріс пен жазушылықты қатар алып жүреді. Әрине, басты қызметі әдебиет болды. «Ғажайып сәуле», «Көрінбестің көлеңкесі» мен «Жетінші толқын» ғылыми фантастикалық туындыларын жарыққа шығарды. Өзі ортасында жүрген өндірістің қилы-қилы сырларын, онда еңбек ететін адамдар туралы күрделі шығармалар жазады. Ол алтын, күміс ақтарған, мырыш тасқындатқан кенді Алтайдың тіршілік-тынысын, өмір ағысын суреттейтін «Жаңғырық» романын жазады. Кейіннен жалғасы ретінде «Көмбе» романын жазады.

2002 жылы академик Қ. Сәтбаев жайлы орыс тілінде «Планета Сатпаева» және «Через тернии» кітаптары оқырманға жол тартқанда саналы ғұмырын қазақтың Қанышына арнаған белгілі жазушы Медеу Сәрсеке атақты ғалымды әлемнің 112 еліне танытқан суреткер.

Жазушы Сәрсеке Медеу Сапаұлы –Абыралы ауданының "Құрметті азаматы", “Құрмет” орденінің, “Еңбектегі ерлігі үшін” медалінің иегері.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button