Жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары 72% жаңартылды – Саясат Нұрбек
Бұл туралы Үкіметтің кезекті отырысында айтылды, деп хабарлайды Ruh.kz.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің баяндауынша, бүгінде елімізде 49 жоғары оқу орнының педагогикалық бағыттағы лицензиялары бар, олардың жалпы саны 186 мыңнан астам адам оқиды.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Педагогикалық жоғары оқу орындарын аккредиттеу стандарты мен 2029 жылға дейінгі жоғары білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамасы бекітілді. Педагогикалық бағыттар бойынша гранттар саны соңғы жылдары бірнеше есе өсіп, 15 923 бірлікке жетті. Студенттік шәкіртақы да өсті, - деді ол.
Сонымен қатар мұғалімдік мамандықтарға қабылдау талаптары күшейтілгенін атап өтті.
Педагогикалық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын жаңарту бойынша жұмыс жалғасуда, бүгінгі күні оның 72%-ы жаңартылды.
Жалпы осы және басқа да жүргізіліп жатқан өзгерістер педагогикалық кадрларды даярлау сапасын арттыруға және олардың заман талабына бейімделуіне бағытталған, - деп қортындылады министр.