Жүк тасымалының көлемі 22 пайызға артты - Көлік вице-министрі
Бұл туралы бүгін Үкіметтің кезекті отырысында Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Ruh.kz.

Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиевтің баяндауынша, биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша республика бойынша жүк тасымалының көлемі 5,5 млн тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22 пайызға артқан.
Отандық операторлардың үлесі 42%-ды құрайды. Транзиттік тасымалдауда да оң динамика байқалады. Өткен жылмен салыстырғанда 44%-ға – 2,5 млн тоннадан 3,6 млн тоннаға дейін өсу байқалады. Негізгі көлем Қытайға еліне тиесілі – бұл бағытта жүк тасымалы екі есеге өсіп, 1,5 миллион тоннаға жетті, - деді ол.
Сонымен қатар Қытайдан Еуропаға транзиттік жүк көлемін одан әрі ұлғайту үшін үлкен әлеует бар екенін айтты.
Егер ағымдағы динамика сақталса, 2029 жылға қарай Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзит деңгейі 5 есеге артады, бұл ел экономикасының дамуына оң әсерін тигізеді, - деді вице-министр.