Жаңалық Редакция таңдауы

Жыл басынан бері 15,4 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 754 кәсіпорны 19,4 мың жжұмыскерге 5,7 млрд. теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 833 нұсқама беріліп, 105,3 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 15,4 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 5,1 млрд теңге төленді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button