Жаңалық Редакция таңдауы

Жыл басынан бері 21 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды

2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 915 кәсіпорны 24 мың жұмыскерге 6,2 млрд. теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады, деп хабарлайды Ruh.kz.

Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 1 218 нұсқама беріліп, 169,3 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 21 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 5,3 млрд теңге төленді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button