Жаңалық Редакция таңдауы

Жыл басынан бері экспорттық тасымалдау 8,5%-ға өсті

Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Марат Қарабаев мәлім етті, деп хабарлайды Ruh.kz.

Фото: Үкімет

Биылғы жылдың 10 айында темір жол көлігімен жүк тасымалдау көлемі 246 млн тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3%-дан астам жоғары. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 300 млн тоннаға жетеді деп күтіледі. Қазіргі таңда теміржол ел экономикасының экспорттық бағыттағы қажеттіліктерін толық қамтамасыз етеді, – деді министр.

Марат Қарабаевтың баяндауынша, жыл басынан бері экспорттық тасымалдау 70,7 млн тоннаны құрап, 8,5%-ға дейін өскен.

Транзиттік тасымалдар да белсенді қарқынмен дамып келеді. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде қазіргі уақытта республиканың көлік-логистикалық әлеуетін одан әрі дамыту бойынша жұмыстар жүргізіліп отыр. Мұндағы ең ірі жобалар – Достық-Мойынты (836 км), Бақты-Аягөз (272 км), Дарбаза-Мақтаарал (152 км) жаңа теміржол желілері және Алматы маңын айналып өтетін жол (73 км), – деді ол.

Көлік министрі Марат Қарабаев 2029 жылға қарай Қазақстан арқылы транзиттік жүк тасымалдау көлемін 35 млн тоннаға дейін жеткізу, сондай-ақ жаңа жобаларды ескере отырып, отандық экономиканың қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету жоспарланып отырғанын атап өтті.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button