Зиялы қауым өкілдері оңтүстік жастарымен латын әліпбиіне көшуді талқылады
Оңтүстік Қазақстан облысына Астанадан келген бір топ саясаткерлер, журналистер, жазушылар жоғары және орта оқу орындарының оқытушыларымен, жастармен кездесті. Басқосуда латын әліпбиіне көшу мәселесі талқыланды, деп жазады http://www.inform.kz/kz/ziyaly-kauym-okilderi-ontustik-zhastarymen-latyn-alipbiine-koshudi-talkylady_a3082643“>inform.kz.
Жиында сөз сөйлеген республикалық ақпараттық топ мүшелері қазіргі таңда қоғамда қызу талқыланып жатқан латын әліпбиіне көшудің маңыздылығын айтып, артықшылықтарын атап өтті. Сондай-ақ Елбасының бағдарламалық мақаласы аясында мемлекеттік тілдің латын графикасына кезең-кезеңімен көшуінің нақты жүзеге асырылуы және оның тиімділігі жайлы түсіндірді.
Басқосуға қатысқан саясаттану ғылымдарының PhD докторы Талғат Қалиев соңғы кезде әлемдік деңгейдегі ғылыми еңбектердің дені латын графикасында жарияланып келгенін айтты.
«Латын әліпбиіне көшу себебіміздің бірі, қазір дамыған технологияда латын әрпі қолданылады. Содан кейін мына ғылыми еңбектерде алынып жатқан патенттердің 80 пайызы осы латын әліпбиін қолданып жатқан мемлекеттердің өкілі болып отыр. Екі пайызын ғана кириллица әрпін қолданатын елдердің өкілдері құрап отыр. Ғылыми еңбектер жарияланатын журналдардың 70 пайыздан астамы латын графикасында шығады. Дамыған 30 елдің 90 пайызға жуығы латын әліпбиін қолданады. Тіпті, соңғы Нобель лауреаттары да – негізінен латын әліпбиімен жазатындар. Осы әліпбимен жазған ғалымдар әлемдік деңгейде ғылыми дәрежесін тез қорғайды», – дейді Талғат Қалиев.
Жиында сөз алған Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ақберен Елгезек те жаңадан енгізіліп жатқан әліпбиге қатысты өзінің пікірін білдірді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы қабылданған кезде, әсіресе, зиялы қауым өкілдері қатты қуандық. Бұл мақалада Елбасы бағыт бағдар беріп, 6 жобаны көрсетіп отыр. Бұл Конституция қабылдаумен бірдей. Ол – тілдің тағдыры. Латын графикасын қабылдау – ұлттық нар тәуекел болып отырған үлкен жоба. Бұл болашақтың шаруасы, тез сіңіп кетеді. Бұл дер кезінде қабылданған саяси шешім. Енді әліпби қалай жасалады деген мәселені көтерсек, бұл бір күндік шаруа емес деп айтар едім. Болашақта біздің ұрпағымыз бізге ренжімейтіндей етіп әліпби қабылдауымыз керек», – деді Ақберен Елгезек.
Астаналық зиялы қауым өкілдері жастарға латын графикасымен жазатындарға ағылшын тілінде жазу да, тілді үйрену де жеңіл болатынын айтты. Жиында жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттер республикалық топ өкілдеріне сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.