Алматы облысы

1916 жылғы ұлт-азаттық көтерлісінің ірі ошағы Қарқара көтерлісі болған жерге қойылған Ереуіл төбе ескерткіші

Орналасқан жері: Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарқара ауылындағы Мыңжылқы жайлауы.

Қысқаша мәлімет:     ХХ ғасырдың бас кезінде халқымыз бостандық жолындағы ұлт-азаттық көтерілістердің бірі – Жетісу аймағындағы Қарқара көтерілісі болатын. Қарқара аймағындағы қанды-қырғын қарапайым халықты, қарттарды, балаларды, әйелдерді қырып жойды, жергілікті халықты тонады. Бұл күреске кедейленген орыс, қазақ, қырғыз, ұйғыр топтары бірігіп қатысты. Бұл тарихи оқиға ке­дей­лердің, жұмысшы мен шаруаның саяси ұлттық санасын оятты.
Көтеріліс жеңіліске ұшырағанына қарамастан, қазақ халқының азаттық қозғалысындағы тарихи маңызы зор болды.Қарқара көтерілісі барысында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару аппараты құрылып, ұлт-азаттық төңкеріске ұласты. Ауқымдылығы мен қатысушыларды қамтуы және зардаптары жағынан алғанда бұл көтеріліс патшалық Ресей отаршылдығына қарсы ұлт-азаттық күрестің шырқау кезеңі болды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button